-A A +A

Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қандай негіздерде қарсылық білдіруге болады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 39-б. сәйкес осы Кодекстің 38-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер сот отырысына қатысатын прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, аудармашыға, сарапшыға да қолданылады.
Сарапшы, маман, аудармашы бұдан басқа, егер:
1) ол іске қатысатын адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
2) ол ревизия немесе тексеру жүргізіп, оның нәтижелері сотқа жүгіну үшін негіз болса не осы азаматтық істі қарау кезінде пайдаланылса;
3) оның құзыретіне жатпайтындығы анықталса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса, сот істі қараған және шешкен кезде сот отырысына қатыса алмайды.
Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының істі мұның алдында қараған және сот шешкен кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша қосымша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.