-A A +A

Прокурордың іс-әрекетіне қалай шағымдануға болады?

Жауап: 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 Заңының 8-б. сәйкес прокурордың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым беруге болады. Прокурордың талаптары мен актiлерiне шағым беру олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым) бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың орындалуын тоқтата тұра алады.Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары бойынша не өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актiлерiнiңкүшiн жоя алады не оларды қайтарып ала алады.