-A A +A

Патрондарға қойылатын қауіпсіздік талаптары қандай?

Жауап: 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының 7-3-б. сәйкес азаматтық және қызметтiк қарудың патрондары өзiнiң өлшемi, пiшiнi, конструкциясы, салмағы, таңбаланған белгiсi, жұмыс iстеу қауiпсiздiгi, сондай-ақ оқ-дәрi газдарының және кинетикалық энергияның қысым көрсеткiштерi бойынша техникалық реттеу саласындағы арнайы қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.