-A A +A

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындау мерзімдері қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 19-бабына сәйкес орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажеттi құжаттарды Орталыққа бiр мезгiлде берген күн Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш берген күн болып есептеледi.