-A A +A

Орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдiк заңды тұлға болса?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi № 2198 Заңының 6-бабына сәйкес, Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және осы Заңның 7-бабында көрсетiлген, қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса берiледi. Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттiк тiркеу кезiнде ұсынылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу осы Заңның 6-1-бабында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң рұқсаты қосымша талап етiледi. Тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi орган монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тiркеушi органдарға тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң тiзiлiмiн және мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келiсiмiмен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тiзбесiн ұсынады. Орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдiк заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бiрi болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеушi органға бередi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкiлеттiк берiлген адам қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеушi органға бередi. Шетелдiк қатысатын орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, қосымша: құрылтайшы – шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесi немесе басқа да заңдастырылған құжат; нотариат куәландырған қазақ және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге шетелдiк құрылтайшының паспортының көшiрмесi немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиiс. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу «Қоғамдық бiрлестiктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке тiркеу алымы төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге де құжат ұсынылады. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгендерден басқа қандай да бiр құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi айқындайтын тәртiппен Интернет желiсi арқылы берiлген электрондық өтiнiш негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
Орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу мемлекетік баж- 6 АЕК. Мемлекеттік тіркеу мерзімі- 1 күн.