-A A +A

Орта мектепте экстернат нысанында оқуға рұқсатты қалай алуға болады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысының 1-ші және 2-ші тарауларына сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін – 15 жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының өзі немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының экстернат нысанында оқуға еркін нысанда жазылған өтініші;
2) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы;
3) білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы).