-A A +A

Операциялық жоспар не үшін әзірленеді?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 63-б. сәйкес Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді.
Операциялық жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған, мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.
Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы) ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейін бекітеді.