-A A +A

Өнеркәсіп объектісін тіркеу үшін қандай құжаттар талап етіледі?

Жауап: 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I заңының 9-1-бабының 6-т. сәйкес сәулет, қала құрылысы, бақша-парк өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
• өтініш;
• эскиздер, сызбалар, суреттер;
• туындының толық сипаттамасы;
• өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде, ұсынылған материалдарды қайтара отырып, жазбаша, толық дәйектелген түрде қараудан бас тартуды береді. Автор (авторлар) немесе құқық иеленуші уәкілетті органның ескертпелерін жойғаннан кейін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен қайта жүгінуге құқылы.