-A A +A

Нотариусты лицензиясынан айыру қалай жүргізіледі?

Жауап: 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының 11-бабына сәйкес прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:
- жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;
-нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;
- лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;
-лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;
- лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;
- нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органдарында тиісті есептік тіркелусіз жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.