-A A +A

Нотариус орналасқан жері өзгерген кезде аумақтық әділет органын хабардар ету қажет пе?

Жауап: 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 18-б. 9)тармақшасына сәйкес нотариус өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.