-A A +A

Нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін төлемнен зейнеткерлер және мүгедектер босатылады ма?

Жауап: 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 30-1-б. 2-тармағына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден жасына байланысты зейнеткерлер және 1 және 2-топтағы мүгедектер босатылады. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV Салық кодексінің 542-б.4-т. сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде мүгедектер, бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі - барлық нотариаттық іс-әрекеттер бойынша мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.