-A A +A

Нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерден босатылу үшін зейнеткерлік куәлікті ұсыну міндетті ме?

Жауап: 

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші жүгінген кезде қол қойдыра отырып беретін осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес куәлік алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығының 28 тармағы). Сонымен қатар, жоғарыда аталған куәлік болмаған жағдайда, азаматтың тұрғылықты жері бойынша Зейнетақыны төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан анықтаманы көрсетуге құқығы бар. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының 30-1-б. 2-т. сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.