-A A +A

Нотариаттық палата деген не?

Жауап: 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 26-бабына сәйкес нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін, коммерциялық емес кәсiптiк өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды. Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.