-A A +A

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін қажетті құжаттар тізбесі?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы. көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
1) жеке тұлғаның лицензия алу үшін өтініші және (немесе) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы лицензияға қосымша;
2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар–тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған).
Портал арқылы:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесi – тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi:
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiшт.