-A A +A

Нотариаттық қызметке лицензияны қалай алуға болады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына сәйкес Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштер қабылдау мен қызмет нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
көрсетiлетiн қызметтi берушiге:
1) жеке тұлғаның лицензия алу үшін өтініші және (немесе) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы лицензияға қосымша;
2) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалар–тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқасы берiлмеген жағдайда салыстыру үшiн нотариалды куәландырылған).
Портал арқылы:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электронды цифрлық қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
3) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтерінің нысаны;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерi бойынша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде берiлген анықтамалардың электрондық көшiрмесi – тұрақты судьялар үшін талап етілмейді;
5) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:
лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;