-A A +A

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі дегеңіміз не?

Жауап: 

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабы 1-тармағының 2-1)-тармақшасына сәй нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы арқылы қамтамасыз етiлетiн шаралардын бірі нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзу болып табылады.
 Заңның 1-бабының 12-1)-тармақшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.