-A A +A

Нелер іс бойынша дәлелдеме болып табылады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 63-б. сәйкес сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.