-A A +A

Некені қалай жарамсыз деп тануға болады?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 9-б., 11-б. және 25-б. сәйкес неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):
1) бір жынысты адамдардың;
2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;
5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Мынадай жағдайларда:
1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.