-A A +A

Неке туралы куәліктегі әкемнің атын қалай өзгертуге болады?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 183-бабына сәйкес тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде және мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерінде жазылған жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштер өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері сот тәртібімен шешіледі.