-A A +A

Неке бұзылған жағдайда, баласы ҚР шекарасынан тыс жерге шыққан кезде әкеден келісім қажет пе?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 518-ІV Кодексінің 68-бабына сәйкес ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi (ата-ана құқықтары) болады. Ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде тоқтатылады. Ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы олардың ортақ балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға негіз болмайды. Балалардың тұруына, тәрбиеленуіне байланысты ата-аналардың арасындағы даулар тиісті келісім жасасу жолымен не сотта шешілуі мүмкін.