-A A +A

Негізгі орта білім туралы құжаттың телнұсқасын қалай алуға болады?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысының 1-ші және 2-ші тарауларына сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы білім беретін ұйымдары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру және өтініштерді қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі арқылы;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күннен аспайды.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:
1) құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жай-күйі баяндалған өтініші;
2) құжаттың нөмірі және тіркелген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді;
3) туу туралы куәліктің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.
ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
1) кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесімен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
2) құжатты жоғалтқан азаматтың немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымының жетекшісіне оның жоғалуының жай-күйі баяндалған еркін нысандағы өтініші;
3) құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді.