-A A +A

Мүлікті бағалау жөніндегі есептерді екі лицензиялы бағалаушысы бар тәуелсіз бағалаушы компанияда бекітуге болады ма?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 заңының 9-б.2-тармағына сәйкес бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекiтiп, мөрмен расталады. Осыған орай, тиісті лицензиясы бар заңды тұлғаның өкілі заңды тұлға басшысының міндеттерін еңбек заңнамасына сәйкес қажетті уақыт кезеңіне (іссапар, еңбек демалысы, науқастанған кезеңіне және т.с.с.) оның атынан белгілі іс-әрекеттер жасауды көрсетіп, жүктеу туралы ресімделген бұйрық болған кезде мүлікті бағалау туралы есептерді бекітуге құқылы.