-A A +A

Мүгедектіктің қандай топтары бар?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңының 9-б. сәйкес Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақытты жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтайды. Мүгедектiктi куәландыру, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтау ережесiн Қазақстан Pecпубликасының заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша орталық атқарушы орган әзiрлейдi.