-A A +A

Мәтінмен немесе мәтінсіз музыкалық туындыларға музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде қандай құжаттар қажет?

Жауап: 

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 4-тармағына мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындыларға және музыкалық-драмалық туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш (егер заңды тұлға туындының құқық иеленушісі болса, құқық иеленушіден өтініш ұсыну қажет);
2) туындының жазбасы бар жеткізгіш, мәтін, партитура немесе клавира түріндегі ноталар;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады.
Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен шығарылған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін, автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша шарт жасалған жағдайда, осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ, егер жұмыс беруші ұйым болса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Егер туындыға құқықтардың құқық иеленушісі заңды тұлға болса, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Автор (авторлар) немесе құқық иеленушi тiркеуге ұсынылатын материалдарды нөмiрлеуге, тiгуге және оларға қол қоюға тиiс (әр бетіне қол қою).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 454-бабына сәйкес тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Бұдан басқа Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 457-бабының 5)-тармақшасына сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі, оралмандар,кәмелетке толмағандар босатылады.