-A A +A

Мәслихаттар мен әкімдіктерге қандай негізгі талаптар мен шектеулер белгіленген?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 4-б. сәйкес мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде:
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мәслихаттар мен әкiмдіктерге Қазақстан Республикасының шегiндебiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызмет көрсетудiеркiн алмасуға кедергiкелтiретiншешiмдер қабылдауға тыйым салынады.Мәслихаттар мен әкiмдіктер қабылдайтын аумақты дамыту жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиiс.