-A A +A

Мәмілені нотариалды куәландырған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеуді жүзеге асыру тәртібі қандай?

Жауап: 

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден (БНАЖ) құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Электрондық тіркеу«Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымнан босату туралы растама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күнінің ішінде көрсетіледі.
Электрондық тіркеу кезіндегі құжаттар тізбесі:
1) электрондық құжат түріндегі сұрау, нотариустың ЭЦҚ-сы;
2) қызметті алушының (жеке тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
4) тіркеу объектісін растайтын, нотариус куәландырған құқық белгілейтін құжаттар электрондық нысанда электрондық сұрауға бекітіледі;
5) жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжаттар электрондық нысанда электрондық сұрауға бекітіледі;
6) бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайлары;
Қызметті алушы БНАЖ берген сұрау нөмірі туралы ақпараттың негізінде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым сомасын бюджетке төлейді.
Электрондық тіркеу кезінде қызметті алушыға БНАЖ берген сұраудың бірігей нөмірі туралы ақпарат беріледі.
Егер мемлекеттік тіркеуге алым сомасын портал арқылы төлеген кезде, мемлекеттік қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қорытындысын алу күні мен уақыты көрсетілген сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Егер электрондық тіркеуді тіркеуші орган көрсеткен кезде қорытындысын БНАЖ-ға, «жеке кабинет» порталына және мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына (болған кезде) жіберіледі.