-A A +A

Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi қалай жүзеге асырылады?

Жауап: 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңының 23-бабына сәйкес меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөнiндегi мiндеттердi бөлiсу, жалға алушыларды шығарудың негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi. Тұрғын үйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 67-бабында аталған азаматтарға кейiннен беру үшiн жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдауға құқылы.