-A A +A

Мемлекеттің меншігі болып табылатын және шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскесін бағалау үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі лицензиясы бар бағалаушының құқығы бар ма?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 124 қаулысымен бекітілген) стандартының 5-тармағына сәйкес жалға алу, жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқықтары материалдық емес активтерге жатады және «Зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалау» стандартында белгіленген әдістерді пайдаланылып бағаланады. Жылжымайтын мүлік ұғымы жер учаскесін иемдену және пайдаланудан туындайтын барлық құқықтарды, мүдделерді және пайдаларды қамтитындығын атап өткен жөн. Бұл жылжымайтын мүлікті жердің бүкіл учаскесіне, соның ішінде олардың жеке бөліктеріне және жақсартылған жерге таралатын құқықтар пакеті ретінде сипаттауға және уақыттың әртүрлі кезеңдері ішінде қолдануға мүмкіндік береді. Жылжымайтын мүлікті бағалау – бағалау объектісі ретінде материалды және материалды емес нысанда қолданылатын, жылжымайтын мүлікке қатысты бүкіл құқықтардың, мүдделердің және міндеттемелердің құнын анықтау. Бір жағынан жер учаскесі де, жақсартылған жер де – негізгі табиғи қасиеттері мен сипаттамаларын анықтауға болатын айтарлықтай көзге түсетін заттар. Екінші жақтан, осы материалдық заттарға қатысты құқықтар материалды емес нысанда ұсынылған, олардың болуы тиісті құжаттармен расталады. Жазылғанға байланысты, жерді пайдалану құқығын бағалаған кезде бағалаушының екі лицензиясы болуға тиіс: мүлікті бағалауға, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерінің және материалдық емес активтердің құнын бағалауға.