-A A +A

Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері қандай?

Жауап: 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының 3-б. сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді.