-A A +A

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қалай қатысады?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ 56-б. сәйкес заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске кірісе алады.
Қорытынды ұсыну талап етілетін мәселелер мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберіледі.
Қорытынды осы органдарға азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау жөнінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыреті шегінде беріледі және іс материалдарына қоса тіркеледі.
Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қорытындысының күні бұрын белгіленген күші болмайды. Соттың қорытындымен келіспегені туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс.
Осы бапта көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы осы Кодекстің 46-бабында көзделген іске қатысатын адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады.