-A A +A

Мемлекеттік қызметші жұмыстан шығарылған және қысқартылған кезде алған жәрдемақысынан алимент ұстап қалынады ма?

Жауап: 

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV заңының 140-бабына сәйкес жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.