-A A +A

Мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі неге бағытталған?

Жауап: 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңының 27-б. 3-тармағына сәйкес мәдени-демалыс ұйымдарының қызметі:
-халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға, насихаттауға, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
-Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға;
-ғылыми-практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға;
-мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
-облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
-этномәдени бірлестіктерді қолдауға;
-мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады.