-A A +A

Қылмыс белгiлерi бар әрекет жасаған адам егер ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 70-б сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер iс сотта қаралған уақытта жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған іс-әрекет қоғамға қауiптi болудан қалды деп танылса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.
Қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасаған не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам, егер осы адамның содан кейiнгi мінсіз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта оның қоғамға қауiптi деп есептелмейтіні анықталса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады.