-A A +A

Құжаттамалық тексеруді жүргізу тәртібі қандай?

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңының 62-3-бабына сәйкес құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.
Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:
1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;
2) құжаттамалық тексерудің негізі;
3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;
4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;
5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.
Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.
Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.