-A A +A

Құрылыстар орналасқан жер учаскесін бөлген кезде техникалық зерттеу жүргізу талап етіледі ме?

Жауап: 

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады. Бұл ретте осы баптың 3-тармағына сәйкес құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі. Заңның 49-бабының 1-тармағында жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін біріктіру және бөлу құқықтық кадастрда тіркелуге тиістігі белгіленген. Осылайша, құрылыс орналасқан жер учаскесін бөлген кезде тіркеуші орган тиісті құрылыстармен байланыстыра отырып, жаңа жер учаскелеріне құқықты тіркеуді жүзеге асырады. Бұл ретте бөлінген жер учаскелерінде орналасқан құрылыстар туралы ақпарат осы объектілердің техникалық паспорттарында ғана болады. Осылайша, құрылыс орналасқан жер учаскесін бөлген кезде техникалық зерттеу жүргізу мемлекеттік тіркеу үшін міндетті талап болып табылады.