-A A +A

Кәсіпкерді банкрот деп тануға не негіз болып табылады?

Жауап: 

ҚР 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 21-б. 1,2-тармақтарына сәйкес дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады. Дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкер банкрот деп танылған кезден бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.