-A A +A

ҚР тыс жерде некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Жауап: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінің 232-б. сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша шет елдегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық не консулдық мекемесіне өтінішпен жүгіну қажет. Дипломатиялық не консулдық мекеме өтінішінің негізінде Қазақстан Республикасының тіркеуші әділет органы жауапты әзірлейді және талап ету орны бойынша жібереді.