-A A +A

ҚР-дан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін азаматтарға зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

Жауап: 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысының 3-тарауына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы белгісі бар Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесін және көру үшін түпнұсқасын ұсынады.
Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
1) өтінішті;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынады.