-A A +A

ҚР-да мемлекеттік нотариустар қызметін жүзеге асырады ма?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының аумағында бүгінгі таңда мемлекеттік нотариус бірлігі жоқ (2012 жылғы наурызда жойылды). «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңының (бұдан әрі - Заң) 1-б. 2-т. 1)тармақшасына сәйкес мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустардың (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустардың (жекеше нотариустар) осы Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға құқықтары бар. Бұл ретте Заңның 21-1-бабының 2-ші және 3-ші тармақтарына сәйкес бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.