-A A +A

ҚР азаматтығын ауыстыруға байланысты жылжымайтын мүлік иеліктен шығарылуға тиіс пе?

Жауап: 

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы»Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер жеке меншiк құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетелдiктердi қоспағанда) және басқа мүлiкке, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының, ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторлық құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарға ие бола алады.
Осылайша, егер шетел азаматының ықтиярхаты болмаса, онда тұрғын үй-жай иеліктен шығарылуы тиіс. Адам шетел азаматтығын алған сәттен бастап үй жер учаскесімен бірге оның иелігінде болмауға тиіс, сондықтан басқа мемлекеттің азаматтығын алған сәттен бастап бір жылдың ішінде тұрғын үй-жай иеліктен шығарылуы тиіс деп жорамалдаймыз.