-A A +A

ҚР аумағында кімнің қаруды иемденуге құқығы бар?

Жауап: 

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының 12-б. сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қаруды иемденіп алуға:
1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының;
2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдардың;
3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың;
4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - қару берушілер-заңды тұлғалар);
5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың;
6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;
7) спорттық ұйымдардың;
8) білім беру ұйымдарының;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының;
10) шетелдіктердің;
11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.