-A A +A

Көрінеу жалған жарнама үшін қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылады?

Жауап: 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 157-б. сәйкес пайдакүнемдiк пиғылмен жасалған және iрi залал келтiрген, жарнама берушiнiң жарнамада тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.