-A A +A

Қордың орналасқан жерін ауыстыру?

Жауап: 

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 заңының 14-1-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгеруі заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін негіз болып табылады. Осыған орай, Заңның жоғарыда аталған бабына сәйкес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының заңды тұлға мөрімен бекемделген шешімі не шешімінен үзінді көшірме; 3) заңды тұлға мөрімен бекемделген, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген, заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы; 4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің түпнұсқалары; 5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.