-A A +A

Конкурстық құжаттаманы ұсыну процесі қандай?

Жауап: 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының 19-б. сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бекітілген конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялау арқылы мүдделі тұлғаларға конкурстық құжаттаманы ұсынады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға тілек білдірген тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркеледі.