-A A +A

Компания Қазақстан нарығында және халықаралық нарықта жұмыс істейтін болса, тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де тауар таңбасын қалай қорғауға болады?

Жауап: 

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы (бұдан әрі – Заң) 4,9-баптарының талаптарына сәйкес тауар таңбаларын құқықтық қорғау кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi; 2) мәлiмделген белгiнi; 3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс. Өтінiмге: 1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi; 2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат; 3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екi ай мерзiмде олардың мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады. Сондай-ақ Заңның 47-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары тауар таңбасын шет елдерде тіркеуге немесе оны халықаралық тіркеуден өткізуге құқылы.Халықаралық тіркеуден өту үшін базалық ұлттық өтінім не тауар таңбасына куәлік болуға тиіс. Кейіннен өтінім беруші қорғау сұралып отырған елдердің атауын және өтінімнің не куәлікті нөмірін көрсете отырып, сараптама жасау ұйымына өтінішхат жіберуге құқылы. Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшімен тіркемей-ақ қорғалатын қорғау құжаты-куәлікте көрсетілген көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың тауар таңбаларының иелерін Заң қорғайды.