-A A +A

Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

Жауап: 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 589-б. сәйкес көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.