-A A +A

Қоғамдық жұмыстар кімдерге тағайындалмайды?

Жауап: 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің 43-б. 3-т. сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.