-A A +A

Қоғамдық бірлестік филиалын тіркеу қалай жүргізіледі?

Жауап: 

«Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 Заңының 13-бабына сәйкес қоғамдық бiрлестiктердiң филиалдарын мемлекеттiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198 Заңының 6-2-бабына сәйкес филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті; 2) заңды тұлғаның мөрімен бекемделген уәкілетті органның шешімін не шешімінің үзіндісін; 3) заңды тұлғаның органы бекіткен филиал туралы ережені үш данада; 4) заңды тұлға жарғысының көшірмесін; 5) заңды тұлға органы филиал басшысына берген сенімхатты; 6) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркегенi үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат қоса беріледі.