-A A +A

Кәмелетке толмаған балалары және мүліктік дауы жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша қалай некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге болады?

Жауап: 

«Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысының 2-тарауының 9-тармағына сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органы көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет 1) аумақтық әділет органдары, 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Орталық) 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы»: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бірлескен өтініш;
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың (2 АЕК) төленгенін растайтын құжатты тапсыру қажет.
5) Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі.