-A A +A

Кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары қандай?

Жауап: 

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңының 28-б. 2-тармағына сәйкес кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары:
- киношежіре мен ұлттық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер жасау;
- кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту;
- шетелдік фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдерді шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау;
- кинофестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізу;
- халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысу және өкілдік ету болып табылады.